Ішкі істер министрлігі ресейлік “Слово пацана” сериалына тексеріс бастады

Уақыты: 20.12.2023
Оқылды: 709
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Ішкі істер министрлігінің әкімшілік полиция комитеті ресейлік сенсациялық "Слово пацана" сериалын тексеруді сұрағанын мәлімдеді, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы KYN.KZ сайтына сілтеме жасап.

Комитет өкілдерінің айтуынша, олар мәдениет және ақпарат министрлігіне сериалдың заңсыздығына талдау жасауды сұрап хат жолдаған. Егер заңсыз деп танылса Қазақстанда "Слово пацана" сериалына тыйым салынуы мүмкін.

"Бізде онлайн-платформаларға мониторинг жүргізетін уәкілетті орган мәдениет және ақпарат министрлігі бар. Ал заңға сәйкес конституциялық құрылысты күшпен өзгертуге үгіттеу, үгіт-насихат жасау, елдің тұтастығы мен мемлекеттік қауіпсіздігіне нұқсан келтіру, соғысты, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни наным-сенімдерді насихаттау, таптық, рулық артықшылық, қатыгездік пен зорлық-зомбылық мәдениеті, суицид және порнография, есірткі заңсыз мазмұн. Егер министрлік оны заңсыз мазмұн деп тапса, тиісті шара қолданады", - деді ІІМ әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Ренат Зұлхайыров.

Ішкі істер министрлігі әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаев заманауи тақырыпта жастарға қызықты сериалдарды зорлық-зомбылықсыз, кісі өлтірусіз, қорлаусыз, суицидсіз түсіруді ұсынды. 

"Қысқасы, жастарды басқаша тәрбиелеу үшін кейбір фильмдерді зорлық-зомбылықсыз түсіру керек. Осыған орай, теріс мағынадағы телехикаяларды министрдің, барлық аумақтық департаменттердің тапсырмасы бойынша, оқу-ағарту министрлігімен бірлесе отырып, оқушылар мен студенттер арасында қылмыстық идеология тек не өлімге, не түрмеге апарады деген тақырыпта тиісті дәрістер өткізсе. Себебі мұның соңы жақсылыққа апармайды", - деді Қайсар Сұлтанбаев.

Фото:  currenttime.tv