Ертең ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді!

Уақыты: 22.12.2023
Оқылды: 665
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Құрметті талдықорғандықтар мен қала қонақтары!

Талдықорған қаласында 23 желтоқсанда Жаңа жыл қарсаңында облыстың 2 қала, 8 ауданының қатысуымен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді. 

Жәрмеңкеде ет, сүт, шұжық, балық, жеміс-көкөніс өнімдері, сол сияқты қант, ұн, жармалар, өсімдік майы мен малдың майы, бал, ұлттық сусындар және басқа да жалпы көлемі 110 тонна болатын 25 түрлі азық-түлік саудаланады.

Келіңіздер! Сіздерді күтеміз!

Өтетін орны мен уақыты: сағат 8.00, "Жастар" Спорт сарайының алдындағы алаң. 

Жетісу облысының ауыл шырауашылығы басқармасы
Фото: gov.kz/