Еліміздің барлық өңірінде жауын-шашын болып, жел күшейеді

Уақыты: 29.12.2023
Оқылды: 510
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Атлантикалық циклонның және атмосфералық фронтальды бөліктердің әсерінен 29 желтоқсанда еліміздің барлық аумағында ауа райы құбылмалы болады, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылмы.

Қазгидромет синоптиктерінің болжамы бойынша, солтүстікте, оңтүстік пен оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Еліміз бойынша тұман түсіп, көктайғақ, екпінді жел, бұрқасын болады деп болжанып отыр.

Сонымен қатар оңтүстік-батыста, Жамбыл облысының таулы аймақтарында, Солтүстік Қазақстанның солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде, Түркістан облысының таулы аймақтарында, күндіз Ақмола облысының солтүстігінде, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында, Қостанай облысының оңтүстігінде, шығысында, батысында, Абай облысының орталығында, Жетісу облысының Алакөл көлі аймағында желдің күші 30 м/с және одан да жоғары болады.

Фото: gov.kz