Департамент басшысы тағайындалды

Уақыты: 12.02.2024
Оқылды: 276
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Жетісу облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы қызметіне Айдос Нұрланұлы Дауешев тағайындалды.

1989 жылы Талдықорған қаласында туған Айдос Дауешев Еуразия гуманитарлық институтын «құқық» мамандығы, Қазақ гуманитарлық Заң университетін «құқық» мамандығы бойынша бітірген. Қызмет жолын 2012 жылы Астана қаласындағы ҚР ҚОҚМ «ҚазҒЗИ» РМК экологялық жобалар басқармасының сарапшысы болып бастаған Айдос Нұрланұлы «Жасыл даму» АҚ-ның қатты металл бөлімінің маманы, «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС Халықаралық ынтымақтастық және құқықтық қамтамасыз ету басқармасының жетекші маманы қызметтерін атқарған.

Мемлекеттік қызметте 2018 жылдан бері істейді. ҚР Инвестиция және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитеті Құқықтық қамтамасыз ету, нормативтік құқықтық актілерді дайындау және сүйемелдеу басқармасының бас сарапшысы, аталған комитеттің Құқықтық қамтамасыз ету басқармасының бас сарапшысы міндеттерін атқарған.

2020 жылдан ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Көлік комитеті заң жұмысы басқармасы, норма шығару қызметі, превенция және мемлекеттік сатып алу жұмысы басқармасының бас сарапшысы болды. 2022 жылдың 11 шілдесінен  ҚР Сауда және интеграция министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласын талдау және мониторингілеу басқармасының басшысы және аталған Комитеттің бақылау және үйлестіру басқармасының басшысы қызметтерін атқарды.

2024 жылдың 22 қаңтарынан ҚР Сауда және интеграция министрлігінің аппарат басшысының №157 бұйрығымен Жетісу облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы қызметіне тағайындалды.

"Жетісу-Ақпарат"