Бүгін, 28 ақпанда, Қазақстанның 10 облысында ауа райы бұзылады. Осыған байланысты "Қазгидромет" РМК ескерту жасады, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы
Синоптиктердің болжамынша, сәрсенбі күні тұман түседі деп күтілуде:
Сондай-ақ 28 ақпанда таңертең және күндіз Түркістан облысының оңтүстігінде жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын күтіледі. Облыстың таулы аймақтарында бұрқасын болады. Облыстың солтүстігінде, таулы аймақтарында желдің жылдамдығы 15-20 м/с дейін жетеді.
Таңертең және күндіз Қызылорда облысының орталығында және шығысында желдің екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді.
Сонымен қатар 27 ақпан сағат 21:00-ден 28 ақпан 21:00-ге дейін Өскемен және Риддер қалаларында екінші дәрежелі қолайсыз ауа райы жағдайына байланысты ескерту жарияланады. Жамбыл облысының оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында жел 15-20 м/с дейін жетеді.
Фото: Хабар 24