Қазақстанда қанша үй су астында қалғаны белгілі болды

Уақыты: 08.04.2024
Оқылды: 316
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Атырау, Ақтөбе, Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстарында 3 704 жеке тұрғын үй, 567 аула аумағы, 1 824 саяжай үйлері және түрлі мақсаттағы 75 ғимарат су астында қалды. 

Су жүрген 133 автожол учаскелерінде және су шайған 4 көпірді қалпына келтіру жұмыстары жалғасуда. 59 көлік қатынасы жоқ елді мекен жедел штабтың бақылауында. Бұл туралы ҚР ТЖМ Төтенше жағдайларды жою департаментінің бастығы Қахарман ОКҚ брифингінде хабарлады.

Тәулік бойы авариялық-құтқару жұмыстарына 17 377 адам, 2020 бірлік техника, 441 су сорғыш және 90 жүзу құралдары, сондай-ақ 15 әуе кемесі жұмылдырылды. Еліміздің 10 өңірінде әкімдіктер жергілікті ауқымдағы төтенше жағдайлар жариялады. «Жедел желі» телефонына 1049 қоңырау түсті.

Республикалық және жедел штабтары тәулік бойы жұмыс атқаруда. Барлық күштер мен құралдар су тасқынына төтенше жағдайлардың алдын-алу мен жоюға бағытталған. Жағдай күрделенетін болса, шұғыл шаралар қабылданады. ТЖМ азаматтарды су тасқыны кезеңінде өте мұқият болуға және қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға, тиісті рұқсатсыз үйлері мен эвакуациялау пункттерінен кетпеуге шақырады, - деді спикер.

Фото: t.me/qr_tjm