Жетісулық өрт сөндірушілер жалын ішінен екі газ баллонды шығарды

Уақыты: 22.04.2024
Оқылды: 220
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Жетісу облысының өрт сөндірушілері жеке тұрғын үйдегі жалын ішінен екі газ баллонды шығарды.

«Бүгін Талдықорған қаласында, саяжай қоғамындағы жеке тұрғын үйде 40 шаршы метр алаңда шатыр мен қабырғаны жалын шалды», — деп жазды департаменттен.

Өрттің себебі анықталуда.

Өрт толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.

Фото: ТЖМ