Жетісу облысында құмда шаңғы тебу марафоны өтеді

Уақыты: 22.05.2024
Оқылды: 494
Бөлім: КҮНДЕРЕК

«Қазақстан-Француз» әріптестігі аясындағы шара Балқаш көлінің жағасында болады, деп хабарлайды 24KZ.

Жарысқа спорт диетологы Эстель Пейен ұйытқы болған. Ол өзімен бірге мәнерлеп сырғанаудан Олимпиада чемпионы Гвандаль Пейзера және өзге де әлемдік деңгейдегі спортшыларды ертіп келді. Олар құмда шаңғы теуіп, жарыс барысын бейнетаспаға түсіреді. Сол арқылы ерекше спортты дамытып, туризмді насихаттап табиғатты сақтауға көпшіліктің назарын аудармақ. 2 күндік іс-шара кезінде «Іскер әйелдер» қауымдастығы және басқа да қоғамдық бірлестіктердің атсалысуымен экология тақырыбына арналған көрме, шағын форум мен конференция өтеді. 

- Қазақ халқының салт-дәстүрімен танысу, мәдениетін дәріптеу, көрнекті жерлерін әлемге таныту біз үшін қызықты жоба болмақ. Экологияны қорғайтын еріктілердің басын қосу, әріптестік байланыс орнату және проблемаларды шешу жолын бірге талқылау – басты мақсатымыз, - деді ҚХА Франциядағы Достық елшісі Малгожата Туар.

Фото: h-i.su