ЕЛБАСЫ: "ЕҢ ТӨМЕНГІ ЖАЛАҚЫ 1,5 ЕСЕГЕ ӨСЕДІ"

Уақыты: 05.10.2018
Оқылды: 1110
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев кезекті халыққа арнаған Жолдауында шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту, несиелендіру бойынша нақты тапсырмалар жүктеді.

Биыл Ұлттық банк өндіріс саласын, шағын және орта бизнесті несиелеу үшін 600 миллиард теңге бөлмек. Сондай-ақ, өңдеу өнеркәсібі мен шикізаттық емес экспортты қолдауға алдағы 3 жылда қосымша 500 миллиард теңге қарастырылады. "Экономикалық саясаттың басты бағыты - экспортқа шығу. Әсіресе, шикізатты өңдеу саласына басымдық берген жөн», - деді Президент. Елбасы өз сөзінде мемлекеттік органдар отандық кәсіпорындардың «қарапайым бұйым экономикасы» деп аталатын, халық көп тұтынатын тауарлар тізбесін шығаруға көмектесу керектігін айтты.

Президент шағын және орта бизнеске салық амнистиясын жүргізуді жүктеді. Ол бойынша 2018 жылдың 1 қаңтарына дейінгі қалыптасқан айыппұлдар мен салық борыштары бойынша өсімдер жойылады. «Ең төменгі жалақы мөлшерінің өсуі Қазақстанда 275 мың азаматтық қызметкердің табысын орташа есеппен 35 пайызға көтереді», - деген Елбасы Жолдауында ең төменгі жалақы мөлшерін 1,5 есеге арттыруды тапсырды.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"