ҚЫЛМЫС ЖАСАҒАНДАРҒА ЖАЗАНЫҢ ТҮР-ТҮРІ БАР: СОНЫҢ БІРІ - ТҮЗЕТУ

Уақыты: 18.01.2021
Оқылды: 958
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Қылмыстық құқықбұзушылық жасағаны үшін сот тек бас бостандығынан айырумен шектеліп қоймай, жазаның басқа түрлерін де қолдана алады. Олардың бірі - түзету жұмыстары.

Түзету жұмыстары – гуманизм қағидасын едәуір баса көрсететін жұмыс орындарында орындалады. Яғни, ол үйінен, отбасынан бөлінбейді, күнделікті қалыпты өміріндей болады. Бұл ретте жалақының бір бөлігі зардап шеккендерге өтемақы қорына аударылады.

Қапшағай қалалық пробация қызметінің бақылау есебінде түзету жұмыстарына тартылуына байланысты 1 адам тіркелген. Сот оны зардап шеккендерге өтемақы қорына жалақысының 25 пайызын төлеуге міндеттеді.

Түзету жұмыстары сотталушының тұрақты жұмыс орны болғандықтан, кірістен ұстап қалу оның жұмыс орны бойынша жүзеге асырылады. Егер сотталған жұмыссыз болса, пробация қызметі оны одан әрі жұмысқа орналастыру үшін жергілікті жұмыспен қамту орталығына жолдап, оның жұмысқа орналасуына әрекет жасайды.

Қылмыстың немесе құқықбұзушылықтың ауырлығына байланысты, сондай-ақ, сотталушының келтірілген зиян мөлшерін ескере отырып, сот жиырма айдан он мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі төлемдерді тағайындай алады.

Б.ЖЕТМЕКОВА,

Қапшағай қалалық пробация қызметінің бөлім бастығы, әділет майоры

Сурет - ғаламтордан