ЖАМБЫЛ АУДАНЫНДА БЮДЖЕТ ТЕКСЕРІЛІП, ЗАҢ БҰЗУШЫЛАР ЖАУАПҚА ТАРТЫЛДЫ

Уақыты: 04.10.2022
Оқылды: 1217
Бөлім: ЭКОНОМИКА

Алматы облысы бойынша тексеру комиссиясының 2022 жылға арналған мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесіне сәйкес, Жамбыл ауданының жергілікті бюджетті жоспарлау және орындау, аумақты дамыту бағдарламасын іске асыру, жергілікті бюджет қаражатын және мемлекет активтерін пайдалану тиімділігіне 2022 жылдың 25 шілдесінен бастап 8 тамыз аралығында мемлекеттік аудит жүргізілді.

Жүргізілген аудитпен ауданына 2020-2021 жылдары бөлінген бюджет қаражатының аудитпен қамтылған жалпы сомасы 7 766 459,1 мың теңге қамтылды, жалпы сомасы 389 891,7 мың теңгеге заңбұзушылықтар анықталды, соның ішінде:

– 389 418,6 мың теңге қаржылық бұзушылықтар қалпына келтірілді.
– 473,1 мың теңге аудит барысында бюджет қаражаты өндірілді. Осымен қатар, 1 рәсімдік сипаттағы заң бұзу орын алған. 

Жалпы, аудитпен қамтылған 9 объекті бойынша 10 материал әкімшілік іс қозғауға уәкілетті Алматы облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментіне жолданып, тиісті айыппұл салынды.

Мемлекеттік аудит барысында және тексеру комиссиясының отырысы өткізілуге дейін Қазақстан Республикасы бюджет және өзге де заңнамаларының бұзылуына жол берген мемлекеттік аудит объектілерінің және бюджет қаражатының мақсатты пайдалануына жауапты мекемелердің 3 қызметкері тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Аудитпен қамтылған 9 аудит объектісінің 8-і бойынша заңбұзушылықтар анықталды.

Алматы облысы бойынша тексеру комиссиясының 2022 жылға аудит объектілерінің тізбесіне сәйкес Кеген ауданының жергілікті бюджетті жоспарлау және орындау, аумақты дамыту бағдарламасын іске асыру, жергілікті бюджет қаражатын және мемлекет активтерін пайдалану тиімділігіне аудиторлық іс-шара жүргізілді.

Жүргізілген аудитпен 7 638 366,9 мың теңге қаражат қамтылып, қорытындысы бойынша жалпы сомасы 216 963,6 мың теңгеге заңбұзушылықтар анықталды, оның ішінде:

– 152 604,4 мың теңге қаржылық (оның 151 436,0  мың теңгесі қалпына келтірілуі тиіс, 1168,4 мың теңгесі бюджет есебіне өндірілуі тиіс);
– 889,2 мың теңге бюджетке түсетін түсімдер бойынша анықталған (889,2 мың теңге бюджет есебіне өндірілуі тиіс);
- 63470,0 мың теңге тиімсіз жоспарланған бюджет қаражаты. Сонымен қатар 1 рәсімдік сипаттағы заңбұзушылықтар орын алған.

Анықталған заңбұзушылықтардың негізгі бөлігі 151 436,2 мың теңге бухгалтерлік есеп бойынша аудит жүргізу барысында толық қалпына келтірулер жасалды.

Аудиторлық іс-шара жүргізу барысында 1348,1 мың теңге жергілікті бюджет есебіне өндірілді, 151 436,0 мың теңге бухгалтерлік есеп бойынша қалпына келтірулер жасалды.

Мемлекеттік аудит барысында Қазақстан Республикасы бюджет және өзге де заңнамаларының бұзылуына жол берген мемлекеттік аудит объектілерінен 6 жауапты тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Алматы облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментіне жалпы саны 5 материал жолданып, уәкілетті органмен 3 материал қаралып, жергілікті бюджет есебіне 199,1 мың теңге айыппұл өндірілді.

Алматы облысы бойынша тексеру комиссиясы