Жетісуда 1 млн басқа жуық төл алу жоспарланып отыр

Уақыты: 19.04.2024
Оқылды: 243
Бөлім: ЭКОНОМИКА

Жетісу облысында бүгінге дейін алынған төлдің саны 500 мың бастан асты. Сақман науқаны әлі де жалғасуда, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметінше, қазіргі кезде облыста жалпы саны 506,7 мың бас төл алынды, соның 103,0 мың басы - бұзау, 378,4 мың мың басы - қозы-лақ, 25,3 мың басы - құлын, 115 басы  - бота.

Атап өтсек, биылғы жоспарға сай облыс көлемінде 937,5 мың бас ауыл шаруашылығы жануарларының төлін алу көзделген. Соның ішінде бұзау 171, 2 мың бас, қозы-лақ саны 700,1 мың бас, құлын 44, 8 мың бас, бота 389 бас болады деп күтілуде.  

Жалпы мал төлдету науқаны жоспаға сай өтіп жатыр.