АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ: БЫЛТЫР 37 ЖАРЫЛЫСҚА РҰҚСАТ БЕРІЛГЕН

Уақыты: 26.05.2019
Оқылды: 1054
Бөлім: ЭКОНОМИКА

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің жауапты хатшысы Мереке Пішембаев Алматы облысына жасаған жұмыс сапарында аймақтық органдарының, ведомство құрамындағы ұйымдарының басшы­лары мен қызметкерлері арасында кеңес өткізді.

Кеңес отырысына облыс әкімінің орынбасары Айдарбек Байжанов, Қазақстан Республи­касының Мемлекеттік қызмет іс­тері және сыбайлас жемқорлық­қа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша депар­таменті басшысының орынба­сары Жанат Жұмабаев қаты­сып, ҚР Инвестициялар және даму министрлігіне қарасты Индустриялық даму және өнер­кәсіптік қауіпсіздік комитетінің Алматы облысы бойынша де­партаментінің басшысы Елухан Баймулдиновтың персоналды басқару, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, мемлекеттік қыз­мет көрсету, заңды және жеке тұлғалардың өтініштерін қарау мәселелері бойынша жасаған баяндамасын тыңдады.

Баян­дамада департамент тарапынан сыбайлас жемқорлықтың және құқықбұзушылық көріністерінің алдын алу мақсатында бірқатар жұмыс атқарылғаны айтылды. Атап айтқанда, қызметкерлер та­рапынан тәртіпті нығайту және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамалар мен мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі нормаларының талаптарын сақ­тауды қамтамасыз ету мақсатын­да өткен және биылғы жыл басынан Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті өкілдерінің қатысуымен барлы­ғы 27 дәріс пен 7 семинар-сабақ өткізілген.

Облыстық телеарна мен мер­зімді баспасөз беттерінде азамат­тар мен кәсіпкерлердің әртүрлі мәселелер бойынша жүгінуіне мүмкіндік беретін сенім телефон­дары жарияланды. ҚР «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңының та­лаптарына сай азаматтардың арыз- шағымдарын қабылдауға арналған жәшіктер орнатылып, азаматтар­ды қабылдау тұрақты жүргізіледі. Өтініш берушілер мен мамандар арасындағы жұмысты бақылау үшін департамент ғимараты тех­никалық құралдармен жабдықта­лып, қолжетімділікті бақылаудың электрондық жүйесі орнатылған. Мекемеде жеке және заңды тұлға­лардың өкілдері мен қызметкерлер арасындағы тікелей қарым-қаты­насты болдырмау мақсатында ре­сепшн-бағаны орналастырылып, құжат пен арыз қабылдау «бір терезе» қағидасы негізінде кеңсе қызметкері арқылы жүргізіледі. Сонымен қатар, сыбайлас жемқор­лыққа қарсы күрес жөніндегі мем­лекеттік бағдарламаны іске асыру шеңберінде департамент басшы­сының биылғы 10 ақпандағы №15 бұйрығымен 2019 жылға арналған іс-шаралар жоспары бекітілді.

Со­ған сәйкес сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтың алдын алу және мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі нормаларын сақтау жөнінде нұсқаулық жүргізу тура­лы журналы бекітіліп, күнделікті қызметкерлермен таныстыру қол қою арқылы рәсімделеді; қызмет­керлер шаруашылық жүргізуші субъектілерді тексеруге шыққан кезде міндетті түрде сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу жөнінде ескерту нұсқамасы жазбаша жүргізіліп отырады; сы­байлас жемқорлыққа қарсы заңна­малар мен департамент қызметін реттейтін басқа да нормативтік-құ­қықтық актілерді зерделеу бойын­ша дәрістер, тренингтер, семинар оқулар өткізу кестесі бекітіліп, жү­зеге асырылады. Сыбайлас жем­қорлыққа қарсы күрес мақсатын­да атқарылып жатқан шаралар туралы ақпараттар департамент­тің және комитеттің интернет желісінде ұдайы жарияланып отырады.

Қазіргі таңда департамент тарапынан үш мемлекеттік қыз­мет көрсетіледі. Оның біріншісі – қауіпті өндірістік объектілерді салуға, кеңейтуге, реконструкциялауға, жаңғыртуға, консервация­лауға және жоюға арналған жоба­лау құжаттамасын келісу, екіншісі – жарылыс жұмыстарын жүргізуге рұқсаттар беру, үшіншісі – қауіпті техникалық құрылғыларды есепке алу және есептен шығару. Есепті кезең ішінде 306 мемлекеттік қыз­мет көрсетіліп, оның 37-сі дәлел­ді бас тартумен қаралды (немесе 10,8%). Дәлелді бас тартудың не­гізгі себебі – ұсынылған құжаттар­дың толық еместігі. Электрондық түрдегі көрсетілген мемлекеттік қызметтер 239 (немесе 78,1%). Бұл ретте айта кету керек, 67 (не­месе 21,9%) мемлекеттік қызмет көрсету түрі «Қауіпті техникалық құрылғыларды есепке алу және есептен шығару» мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарына сәйкес қағаз жүзінде орындалып отыр. Қауіпті техникалық құрыл­ғыларды есепке алу және есептен шығару мемлекеттік қызмет көр­сету түрі биылғы қаңтар айынан бастап атқарылып келеді.

Қауіпті өндірістік объектілерді салуға, кеңейтуге, реконструкция­лауға, жаңғыртуға, консервация­лауға және жоюға арналған жоба­лау құжаттамасын келісу жөнінде былтыр 162 жобалық келісу бо­йынша мемлекеттік қызмет көр­сетіліп, 25 дәлелді бас тартумен қаралды. Биылғы 1 тоқсанда 40 жобалау құжаттамасын келісу жөнінде мемлекеттік қызметтер көрсетілсе, 11 дәлелді бас тарту­мен қаралды.

Жарылыс жұмыстарын жүр­гізуге рұқсаттар беру мемлекет­тік қызмет көрсету түрі бойынша былтыр 37 жарылыс жұмысына рұқсат берілсе, 17-сіне дәлелді бас тарту болды. Биылғы 1 тоқ­санда 7 жарылыс жұмысына рұқ­сат беріліп, оның біреуіне дәлелді бас тартылып отыр. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау бойынша заңнама талап­тары сақталып, азаматтардың өтініштерімен жұмыс жасау мер­зімінде атқарылып отырады.

Мемлекеттік қызметтер көр­сету «Азаматтарға арналған үкі­мет» мемлекеттік корпорациясы, «Электрондық үкімет» веб-пор­талы және ЕСЭДО жүйелері бойынша да атқарылады. Яғни, азаматтар мен лауазымды қыз­меткерлер арасындағы тікелей қарым-қатынас алынып тастал­ған.

Былтырғы және биылғы жылдың есепті кезеңі бойынша департамент қызметкерлері та­рапынан сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылық әрекеттер мен қылмыстар тіркелген жоқ, мем­лекеттік қызмет көрсету түрі бо­йынша арыз-шағым түскен жоқ.

А. КАЧКАРОВА,
 И
ндустриалдық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті департаментінің бөлім басшысы