"Ішім удай ашиды": Бекболат Тілеухан түрмедегі Қайрат Сатыбалды туралы ойын айтты

Уақыты: 17.11.2023
Оқылды: 980
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Экс-депутат Бекболат Тілеухан журналист Нұрсейіт Жылқышыбайға берген сұхбатында Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі, досы Қайрат Сатыбалдыұлы туралы пікірін жеткізді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Тілеуханның айтуынша, темір тордың арғы жағында отырған досына ол осы күнге дейін бармаған, хал-жағдайын білмеген.

"Ішім удай ашыды. Әлі күнге ішім удай ашиды. Қимаймын түрмеге. Тамақ апарайын десем, кіргізбейді ғой. Тамақ апарар едім, кірер едім, бірақ енді менен басқа да кіретін қаншама адамдар бар. Туғаны бар, туысы бар. Қашан шығатынын білмеймін. Иншалла, шықсын, деді ол.

Айта кетейік, Қайрат Сатыбалды қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланып, қаржы жымқыру фактілері бойынша алты жылға бас бостандығынан айырылған болатын.

Фото: Asias.ru