Мемлекет басшысы 7 ақпанда Үкіметтің кеңейтілген отырысын өткізеді

Уақыты: 05.02.2024
Оқылды: 728
Бөлім: САЯСАТ

7 ақпан күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтеді.

Бұл туралы 7-su.kz желілік басылымы Ақорданың баспасөз қызметінің дерегіне сүйеніп хабарлайды.

Жиында еліміздің 2023 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуы қорытындыланып, алдағы кезеңге арналған негізгі міндеттер айқындалады.

Фото: Ақорда