Талдықорған қаласының даму көрсеткіші сараланды

Уақыты: 09.02.2024
Оқылды: 1497
Бөлім: САЯСАТ

Талдықорған қаласының әкімдігінде шаһардың өткен жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуы қорытыныдыланып, биылғы жылға арналған міндеттер жөнінде кеңейтілген отырыс өтті. 


Жиында қала әкімінің орынбасары Рүстем Бершінбеков өткен жылды қорытыныдылап, баяндама жасады. Онда жеткен жетістіктер айтылып, қаланың даму сапасы статистика жүзінде көрсетілді. 

Жиынға төрағалық еткен қала әкімі Ернат Дүйсенбекұлы жалпы қаланың өткен жылғы көрсеткіштерін саралай келе, атқарылған шаруаларға оң бағасын беріп, әр салаға жеке-жеке тоқталды. Әлі де өзекті мәселелердің бар екендігін және оны оңтайлы шешу жолдарын жүйелі түрде бірлесе істеу керектігін ерекше айтты.

Атап айтқанда, 2023 жылдың қорытындысы бойынша әлеуметтік-экономикалық дамудың барлық негізгі көрсеткіштерінің өсімі жақсы. Оған дәлел, өнеркәсіпте  – 134,1 млрд. теңге, бөлшек тауар айналымы – 7,2% 28,3 млрд. теңге, құрылыс жұмыстарының көлемі – 11,5%-ға ұлғайған.

Сонымен қатар, негізгі көрсеткіштер бойынша облыс көлемінде қаланың маңыздылық жақтары басым деуге болады. Атап айтқанда, өнеркәсіпте 41,8%, бөлшек тауар айналымының 53,1% және тұрғын үйді пайдалануға беру 45,6% облыс бойынша 1 орынға тұрақтаған.