Тоқаев бірнеше заңға қол қойды

Уақыты: 18.07.2024
Оқылды: 1066
Бөлім: САЯСАТ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бірнеше заңға қол қойды, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы Ақордаға сілтеме жасап.

"Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көлік және электрмобильдерге арналған инфрақұрылымды дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Фото: Ақорда