Талдықорғанда аса ірі мөлшерде пара алды деген күдікпен білім бөлімінің бастығы ұсталды, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы Антикорға сілтеме жасап.
Облыс бойынша антикоррупциялық қызмет Талдықорған қаласы білім бөлімінің басшысына қатысты тергеу жүргізіп жатыр.
Ол білім бөлімінде бюджет қаражатын ұрлау фактілерін жасырғаны үшін қарамағындағылардан 280 млн теңге пара алды деген күдікке ілінген.
Соттың санкциясымен күдікті қамауға алынды.
Өз кезегінде пара берген адамдар бюджет қаражатын аса ірі мөлшерде ұрлау туралы іс бойынша негізгі айыпталушы саналады және соттың санкциясымен қамауда отыр.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасып жатыр, күдіктілерге қатысты олардың кінәсінің дәрежесін айқындай отырып, түпкілікті үкімді сот шығаратын болады.
ҚПК 201-бабына сәйкес тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жарияланбайды.
Сонымен бірге Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 19-бабының 1-бөлігіне сәйкес күдіктінің кінәлілігі заңды күшіне енген сот үкімі шықпайынша кінәсіз деп есептеледі.
Фото: Антикор