ТАЛҒАРДА БАЛА САУДАСЫМЕН АЙНАЛЫСҚАН ӘЙЕЛГЕ СОТ ҮКІМІ ШЫҚТЫ

Уақыты: 07.07.2021
Оқылды: 1052
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

Алматы облысында кәмелетке толмаған балалар саудасымен айналысқан әйелге сот үкімі оқылды. Мұндай фактіні Алматы облысы прокуратурасының қызметкерлері анықтаған.

Кәмелетке толмағандар ісі бойынша Алматы облысының №2 ауданаралық мамандандырылған сотының үкімімен К.есімді азамат ҚР Қылмыстық кодексінің 135 бабы, 2 бөлігі, 2,12 тармағымен кәмелетке толмағандарды саудаға салғаны үшін 5 жылға бас бостандығынан айрылды. Алайда жаза өтеу мерзімі сотталушының өз балалары 14 жасқа толғанға дейін шегерілді.

Сот үкімі заңды күшіне енді. Бұл үкімді шығаруға Талғар аудандық прокуратурасының кәмелетке толмағандарға заңсыз қамқоршылық рәсімдеу дерегін анықтау себеп болған. Қазіргі таңда азаматша өз кінәсін мойындап, процессуалдық келісім жасады. Бұл бағытта жұмыстар жалғасып жатыр.

"ҚАЗАҚПАРАТ"