КОЛЛЕДЖ СТУДЕНТТЕРІ ӘСКЕРИ БОРЫШЫН ӨТЕУ МЕРЗІМІН ҚАЛАЙ КЕЙІНГЕ ЖЫЛЖЫТА АЛАТЫНЫ АЙТЫЛДЫ

Уақыты: 15.03.2023
Оқылды: 1094
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

Колледж студенттері SMS-хабарлама арқылы әскери борышын өтеу мерзімін кейінге жылжыта алады.

Бұл туралы 7-SU.KZ желілік басылымы Мемлекеттік қызметтерді цифрландыру және автоматтандыру департаменті хабарламасына сүйеніп хабарлайды.

«Оқу-ағарту министрлігі мен мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін интеграциялау нәтижесінде 2023 жылдың наурыз айынан бастап колледж студенттеріне проактивті форматта SMS жолданады», - деп жазылған Мемлекеттік қызметтерді цифрландыру және автоматтандыру департаменті таратқан хабарламада.

Аталған мәселе Оқу-ағарту министрлігінің Ұлттық жалпы білім беру деректер базасынан расталады: 

«Күндізгі оқу нысанындағы колледж студенттеріне әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыру оқу аяқталғанға дейін беріледі. Ол Оқу-ағарту министрлігінің Ұлттық жалпы білім беру деректер базасынан расталады және соның негізінде SMS арқылы кейінге қалдыру немесе әскерден босату рұқсаты беріледі», – дейді мемлекеттік қызметтерді цифрландыру және автоматтандыру департаментінің директоры Азат Тиштыбаев.

Бүгінгі таңда Қазақстан колледждерінде әскерге шақыру жасындағы 118 мыңға жуық студент білім алады.

Фото: ustinka.kz

"ЖЕТІСУ" АҚПАРАТ