"220 млн теңгеден астам": Талдықорғанда Q-net қаржы пирамидасын құрды деген күдікпен бір адам ұсталды

Уақыты: 26.05.2023
Оқылды: 924
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

Талдықорғанда қомақты қаржы салынған Q-net қаржы пирамидасын құрды және оны басқарды деген күдікті ұсталды. Оған 231 салымшы тартылған.

Бұл туралы 7-su.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі баспасөз қызметі дерегіне сүйене отырып хабарлайды.

– 2018-2020 жылдар аралығында қаржы пирамидасының қызметіне 231 салымшы тартылып, жалпы сомасы 220 млн теңгеден астам жеке қаражат салынғаны анықталды. Сот күдіктіге қатысты «қамау» түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берді, - делінген ресми мәліметте.

Күдікке ілінген азаматқа қатысты сотқа дейінгі тергеуді ҚМА Жетісу облысы бойынша департаменті жүргізуде. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.

Айта кетерлігі, ҚР КПК 201-бабына сәйкес өзге де ақпараттар жария етілмейді.

Фото: көрнекілікке алынды