Кәмелетке енді толған екі жігіт есірткімен ұсталды

Уақыты: 09.06.2023
Оқылды: 694
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

Жетісу облысында арнайы операция барысында есірткі сатушы ұсталды.

Олардың бірі есірткі саудасымен айналысты, екіншісі есірткі заттарының заңсыз айналымына қатысы бар деп негізді түрде күдікке ілінді.

"Бұл 18-19 жастағы екі жас жігіт. Күдіктілердің бірі марихуана сату кезінде қолға түсті. Екіншісінен 1 келіден астам марихуана табылып, тәркіленді. Қазір екеуіне де қатысты есірткі заттарын сату, сондай-ақ аса ірі көлемде заңсыз сақтау фактілері бойынша қылмыстық іс қозғалып, УҰИ-ға қамалды", - деді Жетісу облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Мұрат Жұмабаев.

sputnik.kz
Сурет ғаламтордан алынды