Мас болуы мүмкін: Апаттан жүргізуші қайтыс болды

Уақыты: 09.06.2023
Оқылды: 902
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

Жол-көлік оқиғасы Ескелді ауданында «Фольксваген Гольф-3» автокөлігінің қатысуымен болды, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы.

Шетелдік көлікті басқара алмай қалған 30 жастағы ер адам «Абай-Ешкіөлмес» тас жолында оны аударылып кетуіне жол берген. Жүргізуші мас болған деп болжануда.

Ер адам оқиға орнында қайтыс болды. Жетісу облысы ПД Баспасөз қызметінің мәліметінше іс жүзінде сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.