"Сот алдында жауап береді": Іздеуде жүрген шетел азаматы ұсталды

Уақыты: 26.06.2023
Оқылды: 954
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

Шетелдік азаматты ұстау операциясы Сарқан ауданындағы шалғайдағы Тополевка ауылында жүргізілді, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы.

27 жастағы шетелдік азамат 2019 жылы көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін Алматы қаласының сот шешімімен Қазақстаннан шығуы керек болатын. Ер адам бұл шешімді елемей, осы уақытқа дейін жасырынып жүрген.

Жетісу облысы ПД Баспасөз қызметінің мәліметінше соңғы айда ол құрылыс бригадасының құрамында ауыл мектебін жөндеу жұмыстарымен айналысқаны белгілі болды.

«Қазір ұсталған азамат іздеу жұмыстарына бастамашы болған алматылық әріптестерге берілді. Бұдан әрі құқық бұзушы сот алдында жауап беруі тиіс», - деді Жетісу облысы ПД КҚҚБ бастығы Ерлан Раимбеков.

Фото: көрнекілік үшін