Марихуана өсірген Талдықорған тұрғыны ұсталды

Уақыты: 28.06.2023
Оқылды: 766
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

Талдықорған тұрғынынан есірткі заттары бар өсімдіктің 80 бұтасы тәркіленді, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы.

ҚР ІІМ мәліметінше, Талдықорғанда марихуана өсірді деген күдікпен жергілікті тұрғын ұсталды.

Ұсталған адамның жеке тұрғын үй учаскесінде құрамында есірткі заттары бар өсімдіктердің 80-нен астам бұтасы табылды. Марихуана өсірілген учаскеде жерді қопсыту, суару сияқты күтім жұмыстары жүргізіліп отырылған. Сондай-ақ ер адамның бұрын ауыр қылмыс жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны анықталды.