"Қарастырылып жатыр": Назарбаевқа қатысты тағы бір қатар заң өзгереді

Уақыты: 29.06.2023
Оқылды: 926
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

Назарбаев Университеті, Назарбаев зияткерлік мектептері және Назарбаев қоры мәртебесіне қатысты заң жобаларына өзгерту енгізіледі, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы El.kz  ақпарат агенттігі. дерегіне сүйеніп. 

Дәлірек айтқанда, Сенат депутаттары кейбір заңнамалық актілерге кәсіби біліктілік, мемлекеттік наградалар, әлеуметтік мәселелер бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын мақұлдады.

Аталған өзгерістерді жүзеге асыру үшін «Назарбаев Университетінің мәртебесі туралы», «Назарбаев зияткерлік мектептері» және «Назарбаев қоры туралы» сияқты бірқатар заңдарға өзгерістер мен толықтырулар енгізілмек.

Мемлекет басшысының дербес білім беру ұйымдарының жоғары қамқоршылық кеңесін құру жөніндегі өкілеттіктерін айқындайтын түзетулер қарастырылып жатыр, - деп қорытындылады Сенат.

Заңның қазіргі редакциясында жоғарғы қамқоршылық кеңестің бірінші төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев болатын. А алдағы өзгерістерге сәйкес Президент немесе ол тағайындаған адам жоғары қамқоршылық кеңестің төрағасы болады.

Фото: gov.kz