"6 километрден аспайтын жылдамдық". Тоқаев скутерлер туралы заңға қол қойды

Уақыты: 30.06.2023
Оқылды: 849
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жол қозғалысын ұйымдастыру туралы заңға қол қойды, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы.

Аталған заң жобасын бұған дейін Сенат депутаттары мақұлдаған. 

"Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жол жүрісін ұйымдастыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды", - делінген президенттің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Заң жобасы құқықтық олқылықты жоюға және шағын электрлі көліктердің, сондай-ақ электр мотороллерлерінің жұмысын заңнамалық реттеуді енгізуге бағытталған.

"Жол қозғалысы туралы" Заңда оның техникалық сипаттамалары мен пайдалану тәртібін құқықтық реттеу және жүргізушілер үшін тыйымдарды белгілей отырып, "шағын электрлі көлік" ұғымы енгізілген. "Жол қозғалысы туралы" Заңы тұжырымдамамен толықтырылған. Максималды жылдамдығы сағатына 25 шақырымнан аспайтын көлік құралы деп танылған "электроскутердің" және олардың қозғалу орындары белгіленген", – деді депутаттар.

Белгіленген жаңа заңға сәйкес, электрлі скутерлер велосипед жолымен жүреді. Велосипед жолы болмаған жағдайда заңмен белгіленген шарттар мен тыйым салуларды ескере отырып, самокаттардың жүру бөлігінің оң жақ жиегімен жүруіне рұқсат етіледі.

Ол үшін жүргізушінің жасы 18-ге толған, үстінде бекітілген дулыға және жарық шағылыстыратын киім болуы және кез келген санаттағы жүргізуші куәлігі болуы керек.

Тротуарда немесе жаяу жүргіншілер жолында электрлі скутерлерінің қозғалысы сағатына 6 километрден аспайтын жылдамдықпен рұқсат етіледі.

Сондай-ақ, шағын электр көліктері мен электроскутерлердің жүргізушілерінің құқықтары мен міндеттері қарастырылған.

Фото: ашық дереккөзден