Бұйрық. Қыркүйектен бастап жалақысы 100% өсетін мамандық иелері айтылды

Уақыты: 25.08.2023
Оқылды: 3370
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

Экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменова табиғатты қорғау инспекторларына қосымша ақы төлеуді көздейтін бұйрыққа қол қойды. 

Құжатта Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрі міндетін атқарушының 2022 жылғы 24 ақпандағы № 58 бұйрығына толықтыру енгізу туралы бұйыратыны айтылып: 

«ҚР Мемлекеттік орман күзеті қызметтерінің, табиғат қорғау мекемелерінің мемлекеттік инспекторларының және жануарлар дүниесін қорғау, ормандарды қорғау, өсімін молайту және орман пайдалану жөніндегі мамандандырылған ұйымдардың инспекторларының, балық шаруашылығы су айдындары немесе учаскелерін балықтандыру бойынша өсімін молайту кешенінің мемлекеттік кәсіпорындарының қызметкерлеріне денсаулыққа және өмірге зиян келтіру қаупімен байланысты жұмыс үшін лауазымдық ақыдан 100% мөлшерде қосымша ақы төленсін», - делінген министр қол қойған бұйрықта.

Құжат  жарияланғаннан кейін 10 күннен кейін, яғни 2 қыркүйекте күшіне енеді.

Фото: көрнекілікке алынды