Жетісу облысында “жарылғыш зат қойылды” деген мектеп тексерілді

Уақыты: 15.09.2023
Оқылды: 812
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

Жетісу облысында мектепке жарылғыш зат қойылды деген хабарлама фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

14 қыркүйек күні Ескелді ауданы Қарабұлақ ауылындағы Н.Алдабергенов атындағы орта мектеп мұғалімдеріне сағат 11:14-те жарылғыш зат қойылғаны туралы хабарлама түскен.

Оқиға орнына барлық шұғыл қызметтер бірден келді. Полицейлер мектеп аумағын қоршауға алып, 400-ден астам адам эвакуациялады, оның 333-ы оқушы. Жетісу облысы ПД-нің саперлар тобы, қызметтік-іздестіру иттерімен бірге кинологтар ғимаратты және оның маңайын тексеріп шықты.

Тексеру кезінде жарылғыш заттар табылмады. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 273-бабы (Терроризм актiсi туралы көрiнеу жалған хабарлау) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қылмысқа қатысы бар адамдарды анықтау мақсатында жедел іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр.