Жылқыға соқтығысқан көліктің жолаушысы қаза тапты

Уақыты: 15.09.2023
Оқылды: 2574
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

Жетісу облысында жылқыға соқтығысқан көліктің жолаушысы қаза тапты, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, жол апаты 15 қыркүйекте таңертең Алматы – Өскемен автожолының 136-шақырымында болған.

Honda Element көлігі жолға кенет шауып шыққан жылқымен соқтығысқан. Оқиға орнында шетелдік көліктің салонында болған 44 жастағы жолаушы қаза тапты.