Жетісу облысының тұрғыны ауылдасының жер соқасын ұрлап кеткен

Уақыты: 07.12.2023
Оқылды: 450
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

Жетісу облысының тұрғыны ауылдасының жер соқасын ұрлап кеткен, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жастар ауылының 32 жастағы тұрғынынан ауыл шаруашылығы техникасы ұрланған. Шаруа соқаны үйінің жанындағы егістікке қалдырып кеткені анықталды.

Қылмыс орнында полицейлер жергілікті жолдың жиегіне шығып кеткен трактордың іздерін тапты. Жәбірленуші өз шығынын 400 мың теңгеге бағалаған. Жедел алдын алу шаралары барысында тәртіп сақшылары күдіктіні ұстады, ол көрші ауылдың 41 жастағы тұрғыны болып шықты.

– Ұрланған мүлік иесіне қайтарылды. ҚР ҚҚ-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу барысында күдіктіге қатысты келу туралы міндеттеме түріндегі процессуалдық мәжбүрлеу шарасы таңдалды, — деді Ескелді аудандық полициясында.

Фото: Polisia.kz.