Талдықорған полициясы бастығының кабинетіндегі зорлық: іс прокуратураға түсті

Уақыты: 07.02.2024
Оқылды: 631
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

Әйел зорлады деген күдікке ілінген Талдықорған полициясының бастығы Марат Күштібаевтың ісі прокуратураға түсті, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы Orda.kz сайтына сілтеме жасап.

2023 жылдың соңында Марат Күштібаев кабинетінде әйел зорлады деген күдікпен қамауға алынды. Осы оқиғадан кейін қарамағындығарлардың тәртібін әлсіретіп алғаны үшін облыстық полиция департаментінің бастығы Атығай Арыстанов қызметінен босатылды.

Еске салайық, Талдықорғанның 1996 жылы туған тұрғыны жалдамалы пәтерлердің бірінде тыныштықты бұзғаны үшін полиция бөліміне жеткізілген. Ол бір жас жігітке қонаққа барған. Жәбірленушінің айтуынша, полиция басқармасының бастығы оны кабинетіне кіргізіп, жыныстық қатынасқа түсуге мәжбүрлеген. Осыдан кейін зорлық көрген әйел Жетісу облыстық полиция департаментіне арыз жазған.

Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 120-бабының 2-бөлігі (Қызметтік міндеттерін орындау кезінде жасаған зорлау ) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

«Кеше зерделеп, одан әрі сотқа жолдау үшін іс Жетісу облыстық прокуратурасына жіберілді», - деді жәбірленушінің адвокаты Нұрлан Молбаев.

Фото: zhetysu.gov.kz