Жетісуда балалар саудасына қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша форум өтті (видео)

Уақыты: 08.02.2024
Оқылды: 335
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

Жетісуда балалар саудасына қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша форум өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

облысы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері “Қазақстанның балалар саудасына қарсы күрестегі іс-қимылы” жобасы аясында “Winrock International” халықаралық ұйымымен және уәкілетті мемлекеттік органдармен бірлесіп балалар саудасына қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша форум ұйымдастырды.

Семинардың басты тақырыбы – “Қазақстан Республикасында адам саудасына қарсы іс-қимыл туралы” Заң жобасы, қоғаммен серіктестікте қауіпсіздікті қамтамасыз ету Тұжырымдамасы арқылы балаларды қорғау саласындағы заңнаманы жетілдіру.

– Адам саудасы, әсіресе балаларды сату бүкіл әлемде өзекті мәселелердің бірі. Біздің мемлекетіміз де осындай жағдайлар кездесуде. Балалар – бұл ең осал тәуекел тобы, өкінішке орай көп жағдайда қылмыс объектісіне айналады, сол себепті ерекше назар аударуды қажет етеді. Құқық қорғаушылар іс жүзінде жыныстық және еңбекпен қанау, асырап алу мақсатында жаңа туған нәрестелердің, сонымен қатар адам ағзаларының саудасы және қайыр сұрауға мәжбүрлеу сияқты қылмыстарға жиі тап болады, – деп атап өтті ПД ҰҚҚКБ-ның бөлім бастығы Ердос Нұрпейісов.

Бұл жиында дамыған елдердегі балалар саудасына қарсы күрес бойынша халықаралық стандарттар мен үздік тәжірибелер талқыланды. Бұдан басқа, форумға қатысушылар осындай фактілерге ден қоюдың нақты тетігін айқындау жөнінде нұсқаулар енгізіп, уәкілетті органдарға одан әрі жолдау үшін іс-тәжірибелік ұсынымдар әзірленді.