Жетісуда қожалықтың басшысынан ақша бопсалаған адам ұсталды

Уақыты: 12.02.2024
Оқылды: 205
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

Жетісу облысында шаруа қожалығының басшысынан ақша бопсалаған адам ұсталды, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы.

Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері шаруа қожалығының басшысын бопсалады деген күдікке ілінген Қаратал ауданының тұрғынын ұстады.

Жедел уәкілдердің айтуынша, ол шаруа қожалығының басшысын қорқытып, 1 миллион теңге бопсалаған.

Қорқытып алу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, тергеу жалғасып жатыр. Күдікті қамауға алынды, - деді Жетісу облысы ПД ҰҚҚКБ бастығының міндетін атқарушы Аслан Абылов.

Фото: Жетісу облысының ПД