Лотерея қызметі туралы заңнамаға түзетулер әзірленді

Уақыты: 12.02.2024
Оқылды: 230
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында ҚР Туризм және спорт вице-министрі Мирас Төлебаев лотерея қызметі туралы отандық заңнаманы жетілдіру жөніндегі жоспармен бөлісті.

Атап айтқанда, ойын бизнесі және лотерея қызметі мәселелері бойынша заңнамалық түзетулер пакетінде тұрғын үйлерде, жатақханаларда, діни, білім беру, медициналық және мәдени мекемелерде лотерея өнімдерін таратуға тыйым салу туралы норма қарастырылған.

«Жақын арада 55 түзету қарастырылған заң жобасы Парламенттің қарауына ұсынылатын болады», - деді ҚР туризм және спорт вице-министрі Мирас Төлебаев ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.

Оның айтуынша, депутаттар Туризм және спорт министрлігімен, Парламентаризм институтымен бірлесіп, осы пакетке кемінде 35 жаңа қатаңдататын түзетуді қамтитын толықтырулар дайындады.

Фото: ortcom.kz