Талдықорған полицейлері ауқымды ата-аналар жиналысын өткізді

Уақыты: 22.02.2024
Оқылды: 328
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

Талдықорған полицейлері ауқымды ата-аналар жиналысын өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Оқудан тыс уақытта балаларды тәрбиелеу, дамыту және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін оңтайлы жағдайлар жасау мәселелерінде ата-ана құзыреттілігінің деңгейін арттыру мақсатында Талдықорған қалалық полициясының бастығы Ернар Ширбаев облыстық білім басқармасымен бірлесіп қаланың ата-аналар комитеттерімен кездесуге бастамашы болды. Кездесуге 150-ден астам ата-ана қатысты.

Егер сіз балаңыздың мінез-құлқындағы алаңдатарлық өзгерістерді байқасаңыз? Олардың заңсыз әрекеттерге тартылуын қалай алдын алуға болады? Балалар қауіпсіздігі бойынша туындайтын сұрақтарға полицейлермен қатар, психикалық денсаулық орталығының қызметкерлері, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссия мүшелері, сондай-ақ білім беру өкілдері жауап берді. Кездесу барысында полицейлер жеке тұлғаны қалыптастырудағы отбасының рөліне, жасөспірімді көшенің теріс әсерінен қорғауға ерекше назар аударды.

– Біз, ата-аналар, балаларымыз үшін толықтай, сөзсіз жауаптымыз. Жоғары технологиялардың дамуымен қатар кәмелетке толмағандарға қатысты туындайтын қауіптер де артып келеді. Дегенмен, әрқайсымыз жағдайды өз қолымызға алу арқылы қайғылы оқиғаны алдын аламыз. Ата-аналарға арналған түрлі тиісті бағдарламалар бар, олар балалардың орналасқан жерін қадағалап қана қоймай, қандай әлеуметтік желілерге кіретінін және ол жерде қанша уақыт өткізетінін көруге мүмкіндік береді. Өздеріңіз білетіндей, әлеуметтік желілер арқылы оқушылар тек жақсылықты ғана емес, сонымен қатар көптеген жағымсыз ақпаратты да өз бойларына сіңіруде. Жасөспірімдердің кейбір мінез-құлықтарына байланысты «өткір сезімнің» соңынан еріп бұл немесе басқа да әрекеттер денсаулыққа ғана емес, өмірге де өз зияның келтіретінін ата-аналарға өз тараптарынан баланың санасына жеткізу маңызды, – деп атап өтті Ернар Ширбаев өз сөзінде.

Сонымен қатар спикер қатысушылардың назарын кәмелетке толмаған баланың интернет желісінде кездестіруі мүмкін деструктивті топтарға аударды. Жасөспірімдерді осындай қауымдастықтарға тартудың алдын алу мақсатында Ернар Ширбаев қатысушыларға балалардың қарым-қатынас шеңберін зерделеуді, оқушылардың проблемаларын тыңдап қана қоймай, олардың шешімін бірлесе табуды ұсынды. Сонымен қатар жасөспірім нашақорлығы, буллинг, балалардың жолдағы жарақат алулары, суицид тенденциялар мен кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстар тақырыптары қозғалды.

Ата-аналарға теріс қылықтар, құқық бұзушылықтар мен қылмыстар, олардың айырмашылығы, жауапкершіліктің жас ерекшелігі туралы айтылды. Бұдан басқа, кәмелетке толмағандар үшін жаза түрлері мен болашақта құқық бұзушы үшін ғана емес, оның бүкіл отбасы үшін де салдары орын алуы мүмкін екендігі туралы сөз қозғалды.