АЛИМЕНТ ТӨЛЕУ – ПАРЫЗ

Уақыты: 24.02.2024
Оқылды: 629
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

Отбасы құндылығы қоғамның негізгі факторы. Соңғы жылдардағы деректер мен дәйектер отбасы алдындағы жауапкершіліктің төмендегенін байқатады. Ажырасып жатқандар баладан гөрі дүние-мүлікті  бөлісуді ойлайтыны қынжылтады. Үй мен көлікті бөліскеннен кейін барып  «баланы кім өсіреді?» деген мәселеге оралады. 

«Бір адам оны алуға құқығы бар екінші адамға беруге міндетті ақшалай немесе материалдық қаражат». Дәл осылай «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Заңда алиментке анықтама берілген. Бірақ бұл міндетті мінсіз атқарып, азаматтық парыз санап жүргендер саны тым аз. Өкінішті, әрине.

Бүгінде алимент өндіру үлкен әрі күрделі жұмыс. Бізге дәл осы тақырып төңірегінде көптеген сұрақ келіп түседі. Мәселен, алиментті кімдер ала алады деген сұрақты көпшілік басты назарға алады. Олай болса, біз алимент төңірегінде жиі қойылатын сұрақтарға нақты жауап берейік. Алиментті ең бірінші, кәмелетке толмаған балаларға, кәмелетке толған, бірақ еңбекке жарамсыз балаларға, ерлі-зайыптылардың біріне және бұрынғы ерлі-зайыптылардың біріне, кәмелетке толған балалардың еңбекке жарамсыз ата-аналарын асырауына беріледі. Егер ерлі-зайыптылардың арасында ұзақмерзімді өтемақы, яғни алимент туралы келісім болса, некені бұзу кезінде алимент мөлшері келісім бойынша есептеледі.

Жеке сот орындаушыларымен, алимент төлемей қашып жүрген борыш­керлерге, Қазақстан Респуб­ликасынан шығуынан уақытша шектеу, мүлкін тәркілеп қана қоймай, Қазақстан Респубикасының Әкімшілік құқықбұзушылық Заңының 669-бабына сәйкес 10 АЕК көлемінде айыппұл салудан  5 тәулікке дейін қамауға алу және де қылмыстық жауапкершілікке тарту сынды шаралар қолданылады.

Ерасыл СЕЙІТҰЛЫ,
Жетісу облысы өңірлік жеке сот орындаушылар
палатасының жеке сот орындаушысы

фото: Getty Images / amixstudio