Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшысы Самат Әбіш 8 жылға сотталды

Уақыты: 20.03.2024
Оқылды: 415
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшысы Самат Әбіш шартты түрде 8 жыл мерзімге сотталды, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Сот отырысы жабық режиме өтті.

Еске салайық, Назарбаевтың жиені Самат Әбіш қаңтар оқиғасынан кейін Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші орынбасары қызметінен босатылды.

2023 жылдың 19 қыркүйегінде Самат Әбіштің үстінен қаңтар оқиғасы кезінде билігін және қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланғаны үшін қылмыстық іс қозғалғаны белгілі болды.

2024 жылдың 15 қаңтарындаСамат Әбіштің ісі сотқа жіберілді. Ал 28 ақпанда Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев бұл іс сотта екенін мәлімдеді.

Фото: gov.kz