5 жыл жасырынған: Іздеуде жүрген екі қылмыскер Түркиядан елге жеткізілді

Уақыты: 29.03.2024
Оқылды: 269
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

Алматы прокуратурасы заңнаманы түсіндіру арқылы ауыр қылмыс жасағаны үшін іздеуде жүрген Қазақстан Республикасының екі азаматын өз еркімен қайтарған.


«Қашқындар Түркия Республикасының аумағында 5 жылдан астам тергеу органдарынан жасырынған. 28 наурызда қала әуежайында оларға қатысты процестік ұстау жүргізілді, екі фигурант уақытша ұстау изоляторына қамалды», - делінген хабарламада.

Фото: oets-shop.ru