Айыппұлдан жалтарғандар жазасыз қалмайды

Уақыты: 01.04.2024
Оқылды: 304
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

Осыдан-ақ бізде жол ережесін сақтау мәселесі мен оны бұза тұрып, сол құқық бұзушылығына тағайындалған айыпты өтеу мәселесіне көз жұматындардың қатары қалың екенін аңғаруға болады. Алайда, осынша айыпты арқалаған жетісулықтар тайраңдап жүрмейді. Себебі, «Борышкер» жедел-профилактикалық шарасы жүзеге асты. Жетісу облыстық полиция департаменті әкімшілік полиция басқармасының әкімшілік практика бөлімінің бастығы Саят Ибраимовтың айтуынша, аталмыш шара аясында өтелмеген айыппұл иелеріне мәжбүрлеп төлетуге күш жұмсалған.

 – Жыл басынан бастап бүгінгі күнге дейін 20 мыңнан астам хаттама борышкерлерге мәжбүрлі түрде жолданды. Оның барлығына жеке сот орындаушылармен атқарушылық өндіріс қозғалды. Сондай-ақ, жыл басынан «Борышкер» іс-шарасы шеңберінде айыппұлдары бар 27 автокөлік арнайы тұраққа қойылды, – деді әкімшілік полиция басқармасының бөлім бастығы Саят Ибраимов. 

Жалпы, «Борышкер» шарасында жауапсыз борышкерлерді анықтау мен айыппұлын төлетуге жеке сот орындаушылар да атсалысқан. Наурыз айының 27 мен 29 жұлдызы аралығында өткен шарада тек айыппұлдарды өндіру жүзеге аспаған. Алименттен жалтарып жүрген борышкерлерді де анықтау басты назарда болған.

Жұлдыз ҚОЖАХМЕТОВА,
ЖУ-дің студенті