Жетісу облысында тұтқын өзін азаптады деп шағымданды

Уақыты: 10.04.2024
Оқылды: 307
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкіл кеңсесіне Экономикалық тергеу департаментінің қылмыстық қудалауындағы әйелдің адвокаттарынан өтініш түсті.

Бұл іс зерделеу және пысықтау үшін Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Жетісу облысы бойынша өкіліне берілді.

Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Жетісу облысы бойынша өкілінің жеке қабылдауда тергеу-қамауға алынған азаматша қылмыстық істі тергеу барысында Экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері қысым көрсететінін, мойындату мақсатында оған және басқа да қатысы бар адамдарға азаптау әдістерін қолданатынын айтты. Әйел мұндай әділетсіз қарым-қатынастың кесірінен өз-өзіне қол жұмсау туралы ой пайда болғанын жасырмады.

Шағымды қарау барысында өңірдегі өкіл қамаудағылардың психикалық және физикалық жағдайын анықтау фактісі бойынша психиатр-дәрігердің Стамбұл хаттамасына сәйкес жасалған психиатриялық зерттеу жүргізу туралы қорытындысын қарады. Құжаттан әйелдің қан қысымының күрт өзгеруін, көңілсіздікті және эмоционалды мазасыздықты сезінетінін байқауға болады. Сондай-ақ ұйқысыздыққа ұшырап, жиі қайталанатын түнгі үрейге, бас ауруына тап болғаны, тәбетінің нашарлағаны белгілі болды.

Осыған байланысты, Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Жетісу облысы бойынша өкілдігі прокуратура органдарының атына тиісті ұсынымдар мен сауалдар жолдады.

Нәтижесінде Жетісу облысының Арнайы прокурорлар басқармасы сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде ҚР ҚК 146-бабы, 3-бөлігі, 1-тармағының белгілері бойынша қылмыстық құқық бұзушылықты тіркеді (азаптаулар, яғни лауазымды адамның немесе ресми түрде әрекет ететін адамның не олардың айдап салуымен не олар біле тұрып немесе олардың үнсіз келісімімен басқа адамның азапталушыдан немесе басқа адамнан мәлiметтер алу немесе мойындату не оны өзі немесе басқа адам жасаған немесе жасады деп күдiк келтірілген әрекет үшiн жазалау, сондай-ақ оны немесе үшiншi тұлғаны қорқыту немесе мәжбүрлеу мақсатымен немесе кез келген сипаттағы кемсiтуге негiзделген кез келген себеп бойынша тән зардабын және (немесе) психикалық зардапты қасақана келтіруі).

Жәбірленушіден алғашқы жауап алынды және сотқа дейінгі тергеу амалдары азаптау фактісін растауы мүмкін.

"Жетісу-Ақпарат"
Фото: gov.kz