Жетісу полицейлері шаруа иелеріне үшжақты меморандум жайлы түсіндірді (видео)

Уақыты: 23.04.2024
Оқылды: 354
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

Жетісу полицейлері шаруа иелеріне үшжақты меморандумның мақсаты мен міндеттері туралы түсіндірді, – деп хабарлайды  Polisia.kz.

Жетісу полицейлері шалғай елді мекендерде орналасқан шаруа қожалықтарын тексеріп, олардың иелеріне үшжақты меморандумның мақсаты мен міндеттерін түсіндірді.

– Біз негізінен аудан және ауылдық округ әкімдіктері6 шаруа қожалықтары және аудандық полиция бөлімдерінің учаскелік инспекторларымен жасалған үшжақты меморандумдардың ережелері мен мақсаттарының орындалуын тексердік, – деп атап өтті ПД ЖПҚБ бастығының орынбасары Аида Белгібаева.

Осы меморандумның мақсаты – фермер және шаруа қожалықтарының аумағында қызметкерлердің тарапынан, сондай-ақ оларға қатысты қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша тараптардың ынтымақтастықта болуы.

– Тексеру барысында шаруа қожалықтарының иелеріне меморандумның мақсаты мен міндеттері түсіндірілді, осы уақытқа дейін күмәнмен қарағандардың барлығы дерлік пікірін өзгертіп, оны жасау қажет екенін түсініп келісті, – деп қосты А. Белгібаева.

Полицейлер өңірдегі барлық шаруа қожалықтары мен жайылымдық жерлерді қамту мақсатында бұл бағыттағы жұмыстар жалғасатынын атап өтті.