Жетісу облысында полицейлер көлік өртеген күдіктіні ұстады

Уақыты: 06.05.2024
Оқылды: 319
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

Талдықорғанның шағын аудандарының бірінде бейтаныс адам автокөлікті өртеп жіберген, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы. 

Күдікті түнде көпқабатты үйлердің бірінің ауласында көлікке бензинді шашып, оны өртеп жіберген.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері Талдықорғанның жедел уәкілдерімен бірлесіп, көлікті өртеген, бұрын сотталған 49 жастағы ер адамды ұстады, - деді полиция департаменті бастығының орынбасары Елдар Әбдікенов.

Күдікті қамауға алынды, сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Фото: dzen.ru