Заң бойынша енді 434-бабтың жекелеген бөліктерінде "Ұсақ бұзақылық" бабы бойынша жауапкершілік қатаңдатылған.
“Ғимараттарды, өзге де құрылысжайларды, тұрғын үй-жайларды, көпшілік пайдаланатын орындарды, көліктегі және өзге де қоғамдық орындардағы мүліктерді қорлағаны үшін 50 АЕК (бұрын 20 АЕК) мөлшерінде айыппұл салу немесе 5 тәуліктен 20 тәулікке (бұрын 15 тәулік) дейін әкімшілік қамауға алу қарастырылмақ. Бұл заң бұзушылықтарды бір жылда қайталағандарға 20-30 тәулікке (бұрын 15 тәулік) дейінгі мерзімге әкімшілік қамауға алу көзделген”, – делінген хабарламада.
Сонымен қатар енді белгіленбеген жерлерге коммуналдық қалдықтарды тастағандарға 10 АЕК айыппұл салынады.
Ал 434-бабтың 2-тармағындағы "Ортақ пайдаланылатын орындарды ластау" бойынша заң бұзушылықтар үшін жаза екі есе ұлғайтылды. Саябақтарды, скверлерді ластағаны, оның ішінде белгіленбеген жерлерге коммуналдық қалдықтарды тастағаны үшін 10 АЕК (бұрын 5 АЕК) көлемінде айыппұл салынбақ. Ал бұзушылықты бір жылда қайталағандар 20 АЕК (бұрын 10 АЕК) көлемінде айыппұл төлейді.
Фото: pixabay.com