Синтетикалық есірткілердің адам ағзасына зияны

Уақыты: 22.05.2024
Оқылды: 404
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

Синтетикалық есірткілер дегеніміз  - табиғи өсімдіктектес есірткінің аналогы болып табылады.  Өкінішке орай , біздің елімізде де синтетикалық есірткі тұтыну фактілері  орын алуда. Олардың қатарына мефедрон және альфа -пирролидиновалерофенон (a-PVP)  (оқылуы – альфа пи ви пи ).

(a-PVP)  организмге бірнеше жолдармен түседі: демді ішке тарту арқылы , темекі түрінде шегу, ингаляция арқылы (мысалы , электрондық темекіні қолданған кездегідей), таблетка түрінде ішке , капсулалар , ұнтақ түрінде , сұйықтық түрінде де кездесуі мүмкін.

Адам ағзасының жүйесі

Клиникалық сиптомдары

Жүрек – қантамыр жүйесі

Жүрек соғысының жиілеуі, ағзаның сусыздануы салдарынан циркуляциялық қан көлемінің азаюы  , қан қысымының жоғарылауы, ЭКГ-да ST сегментінің өзгерісі

Асқазан -ішек жолдары жүйесі

Жүрек айну, құсу, іштің  ауруы,

бауыр жеткіліксіздігі

Тыныс алу жүйесі

Тыныс алудың бұзылысы, бір минуттың ішіндегі тыныс алу циклдерінің (дем алу мен дем шығару) санының ұлғаюы (тахипноэ), тыныс алу орталығы жұмысының өзгеруі салдырынан көмірқышқыл газының организмде жинақталуы ( респираторлы ацидоз).

Қан айналым жүйесі

Анемия  , тромбоциттер санының азаюы

Орталық жүйке жүйесі

Бас ауруы , ұйқысыздық, бас айналуы , қолдың дірілдеуі, естен тану және т.б.

Бұлшықет жүйесі

Креатинкиназа мөлшерінің ұлғаюы ( бұлшықет тінінің патологиялық бұзылысын көрсетеді )

Көру жүйесі

 Нистагм -көздің еріксіз, тербелмелі қозғалыстары.

Нистагм көздің бекітілуін қамтамасыз ететін күрделі механизмнің бұзылуы нәтижесінде пайда болады.

 

Мидриаз – қарашықтың кеңеюі

Организмнің  тіндерінің бұзылысы

Жұмсақ тіндердің эрозиялы жаралары , абсцесс , гангрена .

Абсцесс дегеніміз - терінің терең қабатында пайда болатын ірің. Ағзалар мен тіндерде  қабыну салдарынан лейкоциттердің  шоғырланып жиналуы.

 

Гангрена дегеніміз- тіннің некрозға ұшырауы немесе ағзаның шіруін айтамыз.

 

 

Мефедронның адамның  психикасына әсері келесідегідей: эйфория (объективті жағдайға сай келмейтін көтеріңкі, қуанышты көңіл-күй), дыбысты қабылдаудың жоғарлауы , либидоның жоғарлауы. Мефедронның осы әсерлері 0,5 -3 сағатқа дейін созылуы мүмкін, ол әр адамның метаболизміне байланысты  48 сағатқа дейін созылуы ықтимал. Мефедронды қолдану қорқыныш сезімін , астения ( демалғаннан кейін  басылмайтын патологиялық шаршау), ұйқысыздықты шақырады. Синтетикалық есірткілерді қолдану салдарынан  бірден тәуелділік туындауы мүмкін.  Мефедронды және басқа да синтетикалық есіркіні қолданған кезде  шамадан тыс тершеңдік,   саусақ ұштарының  цианозы (көгеруі) кездеседі.

Синтетикалық есірткі қолданудан кейінгі психикалық және соматикалық, неврологиялық өзгерістер 30- 60 минуттің ішінде басталады. Масаю  ұзақтығы 6 сағатқа дейін созылуы мүмкін.

Синтетикалық есірткімен масаю сатылары бірнеше сатыларға бөлінеді:

-Инициальды саты

-Негізгі саты

- Салдарлық саты

Синтетикалық есірткімен масаюдың инициальды сатысында вегатативті симптомдар байқалады: профузды терлеу , жүрек соғысының жиілеуі, артериялық қан қысымының доғарлауы . Эйфория (объективті жағдайға сай келмейтін көтеріңкі, қуанышты көңіл-күй) көбінесе осы сатыда байқалады. Синтетикалық есірткімен масаюдың инициальды сатысы бір сағатқа дейін жалғасады.

Синтетикалық есірткімен масаюдың негізгі сатысында  адам көңіл-күйінің кенеттен өзгеріп, қалыптан тыс қимыл қозғалыстар жасауы, ауырсыну сезімінің төмендеуі, санасы мен өз-өзіне және қоршаған ортаға бағдарының өзгеруі , сандырақ ойлар , есту және көру анализаторларының бұзылысы – галлюцинациялар байқалады. Масаюдың негізгі сатысында дыбыс адамға ерекше қатты естіледі (сау кезде ондай дәрежеде қатты дыбыс есту мүмкін емес ) ,  дыбыстың жылдамдығын көргендей сезімде болады , гүл иістерінің қозғалысын «көргендей» күй кешеді.

Синтетикалық есірткімен масаюдың негізгі сатысында   агрессивті , аутоагрессивті (өз-өзін зақымдау, өз-өзіне зиян келтіруге бағытталу) байқалуы мүмкін.

Синтетикалық есірткіні қолдану хромосамаға да әсер етеді деген тұжырым да бар.

Сол себепті , есірткі қолданудан аулақ болайық. Есірткіні мүлдем қолданбау – ең нәтижелі профилактика болып саналады.

Еркебұлан Молдаханов,
Жетісу облысы Денсаулық сақтау басқармасының ШЖҚ
«Облыстық психикалық денсаулық орталығы» МКК дәрігер наркологы
Фото: aqmeshit-zhastary.kz