БЕНЗИНІ БІТІП, ЖОЛДА ҚАЛҒАН ЖҮРГІЗУШІГЕ ПОЛИЦЕЙЛЕР КӨМЕКТЕСТІ

Уақыты: 07.01.2021
Оқылды: 837
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

Талғар ауданының полицейлері жолда жанармайы таусылып қалған көлік жүргізушісіне көмектесті. Бұл жайында "Жетісу" газеті Алматы облысының полиция департаментіне сілтеме жасап хабарлады.

Талғар аудандық полиция бөліміне ЖПҚБ ППР қызметкерлеріне қиын жағдайда көрсеткен көмегі үшін алғыс айтқан азаматтан бейнеөтініш келіп түсті. Талғар АПБ ЖПҚБ ППР қызметкерлері, полиция аға лейтенанттары Жалимбетов Дәурен мен Тұрғанбеков Әсет патрульдеу барысында жол бойында тұрған "Мерседес" маркалы автокөлігіне назарлары түскен. Полицейлер мән-жайды білу үшін тоқтап, жүргізуші жанына келген. Жүргізуші инспекторларға жанармайы таусылғандықтан, жолда қалғанын, сонымен қатар, ол жақын маңдағы жанармай құю станциясына жету үшін өзгелерден көмек ала алмағанын айтқан.

Өз кезегінде тәртіп сақшылары ойланбастан қызметтік автокөлікпен азаматтың автокөлігін арқанмен сүйретіп, жақын маңдағы жанармай құю станциясына жеткізген.

Инспекторлар көмек көрсеткен  жүргізуші өзінің бейнежазбасында полицейлерге шын жүректен алғыс айтты.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"