ЖАМБЫЛДЫҚ ТҰРҒЫН ҰРЛАНҒАН ТЕЛЕФОНДЫ ӨЗ ЕРКІМЕН ҚАЙТАРЫП БЕРДІ

Уақыты: 09.01.2021
Оқылды: 674
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

Жамбыл ауданында полицияға арызданғаннан кейін із суытқан әйел жәбірленушіге ұрланған телефонды өз еркімен қайтарып берген. Бұл туралы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

2021 жылдың 7 қаңтарында сағат 13.00 шамасында Жамбыл ауданының кезекші бөліміне 44 жастағы Қыдырбекұлы ауылының тұрғыны бутик сөресінен құны 95 000 теңге тұратын ұялы телефонының ұрлағаны туралы арызданған. Аталған дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы, 1-бөлігі бойынша тіркелді.

Оқиға орнына жеткен жедел уәкілдер жәбірленушінің ұрлық орын алғаннан кейін телефонына полицияға ұрлық туралы хабарлағаны және оны іздеп-тапқанша телефонды  қайтаруды сұрағаны туралы хабарлама жібергенін анықтады.

Біраз уақыттан кейін 31 жастағы Ұзынағаш ауылының тұрғыны бутикке оралып, ұрланған телефонды қайтарып, полицияға өз еркімен келген. Алдағы уақытта қолданыстағы заңнамаға сәйкес оңай пайда тапқысы келген адамның іс-әрекеттеріне құқықтық баға берілетін болады.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"

Сурет - ғаламтордан