«Бишикташта» шырқалар ән

Уақыты: 11.03.2024
Оқылды: 930
Бөлім: ЖАНСАРАЙ

Төрткүл дүниені талантымен тамсандырған әнші Димаш Құдайберген Ыстамбұлда концерт бермек. 


Орда бұзар отыз жасына орайластырған бұл концертте өнерпаз  түрік әлемін талантымен таңғалдырамын деп отыр. Ән әлемінің айшықты тұлғасына айналған ол концерт алдында Түркияның БАҚ өкілдерімен кездесіп, «When I've got you» атты жаңа бейнебаянын таныстырды. 

Босфор бұғазы жағалауында өткен баспасөз мәслихатында отандасымыз қазақ, түрік, ағылшын және орыс тілдерінде ақпарат айшықтап, сұрақтарына жауап берді. Сөз арасында Қазақстанның халық әртісі Д. Құдайберген түрік ағайындарымызды әуезді әнімен сусындататынын айтып, 24 мамырда әйгілі «Бешикташ» стадионына қойылатын «Стренджер» атты үлкен концерттік бағдарламасына шақырды. 

Айта кетерлігі, отандасымыздың концерті өтетін «Бешикташ» стадионы 42590 орынды. Мұнда әйгілі Майкл Джексон, Мадонна, Шакира мен Рианна секілді жұлдыздардың концерті ұйымдастырылған.