БАСТАУЫШҚА АРНАЛДЫ

Уақыты: 11.03.2024
Оқылды: 1083
Бөлім: ЖАНСАРАЙ

Талдықорғандағы №4 орта мектепте «Білімнің кәусар бұлағы-бастауыш» апталығы өтті. Апталық аясында 2-сынып арасында «Бастауыш ойын фест» іс-шарасы ұйымдастырылды.


Мектеп кіреберісінен бастап  спорт залға дейінгі аумақ апталыққа сәйкес форматта безендіріліп, креативті әрі тиянақты түрде ойластырылған. 

Жарыс «Мергендік», «Дәлдеу», «Мен жүйрікпін» атты кезеңдерден тұрды. Мамандардың ойластырған әдістері арқылы оқушылар «Мергендік» ойынына қызығушылықпен белсене ат- салысты. «Дәлдеу» әдісі арқылы балалар  нысанаға қарай бағыт алып, тез қимылдау арқылы бақтарын сынады. Ойынның соңғы «Мен жүйрікпін» кезеңінде оқушылар тізбектің бойындағы шарларды қолындағы көліктің көмегімен жарып өтіп, шеберліктерін көрсетті. 

Бұл шарада тек оқушылардың қабілеттері сынға түспей, ұстаздарының ұйымдастырушылығы да көзге түсті. Мұғалімдер ұсынған тапсырмалардың барлығы заман талабына сай жаңаша түрде көрініс тапты. Барлық шағын әрі қызықты түрде ұйымдастырылған. Бүлдіршіндердің барлығы жарысқа асқан қызығушылықпен қатысты. Бұл сайыстың бірден-бір ерекшелігі, оқушылардың ата-аналары да ойында бой көрсетті.Әр ата-ана өзінің баласына жанкүйер болып қолдады.Ойын аяқталған соң оқушылар мен ата-аналар кері байланыс жасады. Оқушылар «Аралдағы көңіл-күй» әдісі бойынша шарға көңіл-күйіне сәйкес смайлдар қойды. Ата-аналар өз кезегінде ойынның өте жақсы деңгейде өткенін айтып, педагогтердің шеберлігіне тәнті болып, алғыстарын айтты. 

Аружан АЛТЫНБЕКОВА, 
ЖУ-дің студенті