БҰЗАҚЫЛАР АРДАГЕРЛЕРГЕ ҚОЙЫЛҒАН ЕСКЕРТКІШ ТАҚТАНЫ ҚИРАТЫП КЕТТІ

Уақыты: 29.08.2020
Оқылды: 1073
Бөлім: ҰЛТ ҰЯТЫ

Текелі қаласының орталығындағы Екінші дүниежүзі соғысы ардагерлерін еске алу мақсатында қойылған ескерткіш тақтайшаны бұзақылар қиратып кетті.

- Бұл жерде елі мен жері үшін жанын қиған жандардың есімі жазылған. Сонда осындай әрекетке барған адамдардың Ұлы Отан соғысына қатысқан ардагерлерімізге құрметі жоқ болғаны ма? - деп ашынады Текелі қаласының әкімі Бақтияр Өнербаев.

Оның айтуынша, Текелі қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Ғалым Төлегенұлына ескерткіш маңында бақылау камерасын қосып, бақылап отыру тапсырылған. «Алайда аталмыш бөлім басшысының жұмысқа салғырт қарауынан осындай көрініске куә болып отырмыз. Яғни, видеобақылау камерасының уақытылы қосылмауына байланысты бұзақыларды ұстау мүмкін болмай отыр. Сол себепті Ғалым Қызылбаевқа осы мәселені қайта көтеріп, ескерткіш маңындағы бақылау камераларының жұмысын қайта тексеріп, қолға алуды тапсырамын, - дейді Текелі қаласының әкімі Бақтияр Өнербаев.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"